Шымкентте техникалық қызмет көрсету орталығы өртенді

Жарияланды

Шымкент қаласында техникалық қызмет көрсету орталығынан өрт шығып, 3 жүк көлігіне зақым келді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Өрт сағат 05.02-де оқшауланып, 05.20-да толығымен сөндірілді. Жалпы бұл жұмыстарға 10 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 59 қызметкер және апаттар медицинасы орталығының мамандары жұмылдырылды» – делінген Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Оқиға Тұран ауданына қарасты Алматы тасжолы бойында болды. Жүк көліктеріне техникалық қызмет көрсету орталығының 200 шаршы метр аумағы өртеніп кетті. Сондай-ақ, жалынның әсірінен 3 жүк көлігі зақымданды.

Сондай-ақ оқыңыз