S&P 500 бен Nasdaq кейінгі бір жылдағы ең жоғары мәнге жетті

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Дүйсенбі күні АҚШ қор нарығы Федералды резерв жүйесінің ақша-несие саясаты және инфляция туралы мәліметтерін күте отырып, біршама өсім байқатты.

Dow Jones өндіріс индексі 0,6%-ға көтерілді. Чип жасаушы Intel, Boeing аэроғарыш корпорациясы мен Cisco Systems технологиялық конгломераты көш бастады. Chevron компаниясы, Procter & Gamble және фармацевтикалық Merck & Co аутсайдерлер қатарында.

S&P 500 кең нарық индексі 0,9%-ға өсті. Сегіз сектор сауданы оң аумақта яқтады.

Nasdaq Composite Technology Index 1,5%-ға көтерілді. Broadcom, Airbnb және Intel акциялары ең үлкен табысқа жетті. Diamondback Energy энергетикалық компаниясының, eBay интернет-ритейлері мен Kraft Heinz акциялары арзандаған.

S&P 500 және Nasdaq бір жылдан бергі жаңа рекордын орнатса, ал Dow Jones қаңтар айынан бері алғаш рет қатарынан бес сессияны жоғары деңгейде жапты. Инвесторлар тұтынушы бағалар индексі туралы мәліметті, ФРЖ-ның ақша-несие саясаты туралы шешімін және сәрсенбіде өндіруші бағалар индексі туралы деректерді асыға күтіп отыр.

Экономистер тұтыну инфляциясы баяулауын жалғастырады деп болжайды. Мамыр айында ол жылдық мәнде 4%-ды құраған. Бұл көрсеткіш 41 жылдағы рекорд болды. Осыған байланысты инвесторлар ФРЖ федералды қор мөлшерлемесін бұрынғы деңгейде (5-5,25%) ұстап тұруы мүмкін деп үміттенеді.

Электр көлік өндіруші Tesla 2,2%-ға қымбаттады. Dow Jones Market Data мәліметтері бойынша компанияның бағалы қағаздары 12-ші сессия қатарынан қымбаттап келеді. Бұл – 2010 жылдың 29 маусымынан бергі рекордтық көрсеткіш.

Nasdaq биржа операторы Thoma Bravo инвестициялық компаниясынан банк және брокерлік бағдарлама жасақтамасын әзірлейтін ​​Adenza-ны 10,5 миллиард долларға сатып алатынын жариялағаннан кейін, 11,8 пайызға құлдырады.

Illumina акцияларының бағасы 3,8%-ға қымбаттады. Компанияның директорлар кеңесі Фрэнсис де Соузаны басшылық қызметтен босату туралы шешімді мақұлдағанын хабарлады. Шешім дереу күшіне енеді.

Сондай-ақ оқыңыз