Бір аптаға жуық уақыт бойы орман өртін сөндіре алмай жатқан Бородулиха ауданының әкімі ауысты. Бородулиха ауданы мәслихат депутаттарының келісімімен және Абай облысы әкімінің өкімімен, жаңа әкім болып Ибраев Айдар Маратұлы тағайындалды. Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Айдар Маратұлы әр жылдары Ұлан ауданы әкімінің орынбасары, Жарма ауданы әкімінің аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2022 жылдың қазан айынан Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысы болған.
Абай облысындағы «Семей орманы» табиғи резерватында 8 маусым күні тұтанған өрт салдарынан 15 адам қаза тапты. Экс-министр Юрий Ильин өрт ауқымының күрт ұлғаюына жағдайдың дұрыс болжанбауы ықпал еткенін мәлімдеген болатын.
Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді лауазымынан босатып, Абай облысының әкіміне сөгіс жариялады.