Ташкентте зауытта жарылыс болып, бір адам қайтыс болды

Жарияланды

Ташкент маңындағы өндіріс цехында жарылыс болды. Жарылыс салдарынан бір адам көз жұмып, 14 адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Өзбекстан ТЖМ мәліметі бойынша, астанадағы Чиланзар ауданында орналасқан мыс құбыр өндіру цехында 14 маусым күні 09:50-де газ-ауа қоспасы жарылды. ТЖ технология процесінің бұзылуы салдарынан болып, артынан өрт тұтанған. Оқиға салдарынан цехтың шатыры құлады.

Апат орнына өрт сөндіру, құтқару экипажы, ІІМ, прокуратура қызметкерлері келді. Қазіргі уақытта жарылыс салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз