Каспий құбыр консорциумы арқылы биыл 60-61 млн тонна мұнай тасымалданады

Жарияланды
Отгрузка казахстанской нефти с терминала в Новороссийске может возобновиться 23 февраля
Фото: КҚК

Каспий құбыр консорциумы 2023 жылы құбы жүйесі арқылы айдалатын мұнай көлемі 60-61 млн тонна болады деп болжап отыр. Бұл туралы КҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін хабарланғандай, консорциумның 2023 жылға арналған жоспарында шамамен 66 миллион тонна мұнай айдау көзделген.

КҚК құбыры Каспий қайраңындағы Қазақстан мен бастыс Ресейдің мұнай кен орындарын Новороссийскідегі теңіз терминалымен байланыстырады. Оның ұзындығы 1511 шақырым. Ол – қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты, онымен Қазақстанның құбыр арқылы айдалатын мұнайының 80%-ы жөнелтіледі. 2022 жылы құбыр экспортқа 58,7 млн тонна мұнай тасымалдауды және жөнелтуді қамтамасыз етті, соның ішінде Қазақстаннан 52,2 миллион тонна шикізат айдаған. б Бұл көрсеткіш 2021 жылғы деңгейден 3,3% – ға аз.

Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалындағы 2022 жылғы апаттан кейін, Энергетика министрлігі ел мұнайын экспорттау балама жолдарын қарастырып жатқанын хабарлады.  

Бұл бағыт арқылы мұнай айдау биыл бірнеше рет тоқтаған болатын.

Курсив-ке сұхбат берген сарапшы Абзал Нарымбетов, мұнай тасымалын әртараптандыру – экономикалық тәуелсіздік кепілі екенін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз