Алматы басшылығы қала бюджетін 50 млрд теңгеге арттыру жолын қарастыруда

Жарияланды
Алматы

Фото:kursiv.media

Тексеру комиссиясы Алматы бюджетін жылына 50 млрд теңгеге қосымша толықтыру тәсілін атады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың VI сессиясында Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов хабарлады.

Комиссия төрағасының айтуынша, соңғы 5 жылда Алматы қаласының бюджеті едәуір өскеніне қарамастан, оны толықтыруда барлық резерв тартылмаған.

Бюджетті қосымша толықтыру әдістері ретінде қаланың сауда базарларын көлеңкелі сектордан шығару, жер салығының мөлшерлемесін қайта қарау, заңсыз жарнама орналастырудың жолын кесу, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу сынды шаралар ұсынылды.

«Аталған бұл шараларға жүргізілген талдауға сәйкес, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің қосымша резервтерін жыл сайын 50 млрд теңгеге дейін қарастыруға мүмкіндік береді», деді Алтай Бердіқұлов.

 Алматы қаласы Мәслихатының VI сессиясында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин Алматы қаласының 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін баяндады. 2022 жылы Алматының экономикалық өсуі 5,1% құрағанына айтқан әкімдік өкілі өңдеу өнеркәсібінің экономиканың өсу драйверіне айналғанын айтты. Қабылданған шаралар мегаполис экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесін 57,8% дейін арттыруға мүмкіндік берген.

Сондай-ақ оқыңыз