Балқаш ЖЭО-сын жөндеуге арналған 677 млн теңгені лауазымды тұлғалар жымқырған – ҚМА

Жарияланды
Акимат Алматы не освоил из бюджета 15,1 млрд тенге. Винят недобросовестных поставщиков и длинные конкурсные процедуры

Фото: kursiv.media

«Балқаш Жылу» ЖШС-нің лауазымды тұлғалары жалпы сомасы 677 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл жайлы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Қаржы мониторингі агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізген.

«Анықталғандай, «Балқаш Жылу» ЖШС-нің бұрынғы басшылығы 2020 жылдың маусымынан 2023 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта Балқаш ЖЭО және Балқаш қаласының жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және ұстауға арналған 677 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жеке шоттары мен жалған кәсіпорындардың шоттарына жіберу арқылы жымқырған», делінген хабарламада.

Аталған тұлғалар ұсталып, тергеу изоляторына қамалған. Тергеу судьясы екі ай мерзімге «қамау» шарасын санкциялаған. Тергеу жұмыстары жалғасуда. Қалған мәліметтер ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз орталығы жұма күні Шымкенттегі шаруа қожалығының басшысы мен ветеринариялық қызмет бөлімінің қызметкері мемлекеттің мал шаруашылығын дамытуға бөлген субсидиялық қаражаттан 104 млн теңгені жымқырғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз