Жаңалықтар

Президент бірқатар елшілерді ауыстырды

Фото: Kursiv.media

Жұма күні Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елшілерді ауыстырды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Тәжин Қазақстанның Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің жарлығымен Қазақстанның Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Бақыт Дүйсенбаев тағайындалды, ол еліміздің Кореядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Ал, Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшісі лауазымына Нұрғали Арыстанов тағайындалды.

Сонымен қатар, Қазақстанның Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақылбек Камалдинов бұл лауазымынан босатылып, Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалды.

Қазақстанның Сингапурдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Құттықадам енді Аустралия Одағындағы, Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқаратын болады.