Жаңалықтар

Ресейлік шенеунік «Яндексті» «тартып алуды» ұсынды

Фото: kursiv.media

ВТБ банк тобының жетекшісі Андрей Костин Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы алаңында Яндекстің бөлінген соң пайда болатын ресейлік бөлігін сатып алу мәмілесіне қатысты мәселені қайта қарап, нарықтық емес шарттармен «тартып алуды» ұсынды.

Костиннің пікірінше, Яндекстің ресейлік бөлігін ақшаға сату мақсатқа сай емес және мемлекеттің мүдделерімен үлеспейді. Өйткені бұл жағдай активтері бұғатталған Батыс елдеріндегі ресейлік инвесторларға қатысты әділетсіз шешім.

«Мен мұндай деңгейде мәміле жасамалмауы керек деп есептеймін. Бұл – нарықтық мәміле», деді банкир.

Мемлекеттік банк басшысы сондай-ақ Ресей нарығынан кететін Мәскеуге «дос» саналатын елдердің компанияларының активтеріне қолданылатын жаңа ережелер туралы да айтты. Банк өкілінің айтуынша, оларға айтарлықтай жеңілдік қарастырылған, тіпті ол кей жағдайда 90%-ға дейін жетуі мүмкін. Сондай-ақ 5%-дан 10%-ға дейін бюджетке міндетті жарна қарастырылады. Ал Ресей активтерін сатуға рұқсатты арнайы үкіметтік комиссия береді.

The Financial Times басылымының хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин үкіметке Батыс Ресей нарығынан кеткен компанияларды мәжбүрлеп мемлекетке аударуды заңдастыратын қосымша ережелер әзірлеуді тапсырған. Ол ережеге сәйкес ол компаниялардың активтерін үлкен жеңілдікпен сатып алуға құқылы болады. Әрі қарай ол активтерді ресейлік сатып алушыларға ұсына алады.

«Бізде президенттің 50% жеңлдік туралы жарлығы бар. Ал мұнда америкалық инвестормен нарықтық мәмілі туралы мәселе көтеріліп отыр. Бізден бәрін тартып алғаны үшін осылай істеуіміз керек пе? Бұл Fortum схемасы бойынша әрекет етуіміз керек. Бақылауға алып, санкциялар аяқталған кезде қайтарамыз. Міне, менің бүгінгі ұстанымым осы», деді Костин.

Бұған дейін ВТБ банк Яндекстің ресейлік бөлігін ықтимал сатып алушы ретінде аталды. Банкпен бірге бұл мәмілеге «Интеррос» холдингінің иесі, Лукойлдың бұрынғы акционері Вагит Алекперов және Северсталь компаниясының иесі Алексей Мордашов қатысуы мүмкін екендігі айтылды. Алайда, кейіннен Костин тым қымбат деген сылтаумен ықтимал мәміледен бас тартқанын жариялаған.

Ресейлік БАҚ жазған бастапқы жоспарға сәйкес, Голландияда тіркелген Yandex N.V. Ресейлік жобаларды, соның ішінде такси қызметі мен интернет іздеу жүйесін жеке компанияға бөлуі тиіс еді. Солайша бақылау пакеті жергілікті жаңа инвесторларға өтуі керек болған. Ал акциялардың 49% Yandex N.V. иелігінде қалады.