Мемлекет басшысы Түркістанға жұмыс сапарымен келді

Жарияланды

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға жұмыс сапарымен келді. Бұл жайлы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді.

Жиынға Құрылтай мүшелерімен қатар Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшылық құрамы, Президенттің кеңесшісі және басқа да лауазымды тұлғалар қатысады.

Сондай-ақ оқыңыз