Президент геосаяи жағдай оптимизм тудырмайтынын айтып, халықты біртұтастыққа шақырды

Жарияланды
Курултай
Фото: Акорда

Түркістанда өтіп жатқан жиында Президент геосаяси жағдайға тоқталып, әлемде болып жатқан жағдай, Қазақстан халқының біртұтастығын талап ететінін айтты.

«Бүгін біз халықаралық жағдайдың бұрын-соңды болмаған шиеленісуін көріп отырмыз. Кейбір ірі елдер өздерінің күн тәртібін сөзбе-сөз орындауға, өз стандарттарын енгізуге тырысады. Оның үстіне, әртүрлі, жиі диаметральді қарама-қайшы идеялар мен көзқарастардың қақтығысы қазір геосаясат немесе экономикада ғана емес, тіпті мәдениет пен рухани құндылықтар саласына, басқаша айтқанда, идеологияға әсер етуде. Бұл бірқатар мемлекеттер мен халықтардың қауіпсіз өмір сүруіне теріс әсер етеді. Халықаралық жағдай оптимизм тудырмайды, сондықтан Қазақстан Республикасы бұрынғыдан да біртұтас болуы керек», деді Перезидент.

Мемлекет басшысы геосаяси аймақта Қазақстан саяси жүйесін өзгертіп, саяси реформалардың өзіндік үлгісін қалыптастырғанын айтты.

«Қазақстан – осы геосаяси аймақта саяси жүйесін қысқа мерзім ішінде түбегейлі өзгерткен бірден-бір мемлекет. Тың өзгерістердің арқасында саяси реформалардың Қазақстанға ғана тән ерекше үлгісі қалыптасты. Келешекте де оның мән-маңызы арта бермек. Алайда, қолда бар жетістікке тоқмейілсіп отыруға болмайды. Алда ұзақ жол, ауқымды жұмыс бар», деді Мемлекет басшысы.

Жалпы, Әділетті Қазақстанды құру министрлер мен әкімдердің ғана міндеті емес екенін, ол үшін бүкіл қоғам болып жұмылу қажеттігін айтқан Президент түпкі мақсатымызға жету үшін саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз екенін айтты.

«Ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажет. Халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс. Әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер. Бір сөзбен айтсақ, пиғыл өзгермесе, ештеңе де өзгермейді», деді ол.

Сондай-ақ оқыңыз