Жаңалықтар

АҚШ мемлекеттік хатшысы Блинкен Бейжіңге келді

АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді

Фото: kursiv.media

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен жексенбі күні Бейжіңге келді. Бұл жайлы Reuters хабарлады.

Ол соңғы бес жыл ішінде Қытайға келген АҚШ-тың бірінші жоғары лауазымды дипломаты. АҚШ мемлекеттік хатшысы Қытайға сапарын ақпан айына жоспарлаған. Алайда сол айда АҚШ әуе кеңістігінен Қытайдың тыңшылық шары анықталды. Ақ үй әкімшілігі содан кейін сапарды кейінге шегерді.

Сапар барысында Блинкен Қытайдың сыртқы істер министрі Цин Ганмен, Қытайдың аға дипломаты Ван Имен кездесіп, екі ел арасындағы стратегиялық бәсекелестіктің қақтығысқа ұласуына жол бермеу үшін ашық және сенімді байланыс арналарын құруға тырысады деп күтілуде. Басылым Блинкеннің сапар барысында Си Цзиньпинмен кездесуі де мүмкін екенін жазған.

Бұл сапар АҚШ-тың қазынашылық хатшысы Джанет Йеллен мен сауда министрі Джина Раймондоның келуіне жол ашады деп болжанып отыр. Солайша Си Цзинпинь мен Байденнің кездесуіне жағдай жасалмақшы.

Өз кезегінде Ақ үй басшысы Байден алдағы бірнеше айда Си Цзиньпинмен кездесуге үміттенетінін айтқан.

Ал Блинкен өз сапарында екі ел арасындағы бәсекелестіктің текетіреске немесе қарулы қақтығысқа ұласып кетпеуі үшін Қытай шенеуніктерімен ашық әрі қуатты диалог орнататынын мәлімдеген. Мемлекеттік хатшы сонымен қатар Ресейдің Украинаға қарсы агрессивті соғысын да талқылайтын болады. Нақтырақ айтсақ, Қытайдың Ресей күштеріне әскери қолдау көрсетуіне жол бермеу мәселелесі қарастырылады.

Ақпан айының аяғында Энтони Блинкен Қазақстанға дипломатиялық сапармен келген. Бұл сапарында Мемлекеттік хатшы АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас күшейе түскенін атап өтті.