Астанадағы Достық көшесіндегі Kaspi Bank ғимаратында белгісіз ер адам мекеме есігін ішінен құлыптап алғаны хабарланды.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы. Оқиға орнында полицейлер ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр. Полиция тұрғындардан сабыр сақтауды сұрайды.
Михаил Козачковтың Telegram-каналының хабарлауынша, банк бөлімшесінде кепілге алынған жеті адам бар. Мәліметтерде ер адамның 30 жаста екені және тапаншамен қаруланғаны айтылған.
Козачковтың хабарлауынша, ер адам талаптары орындалмаса, біріншісін үш сағатта өлтіретінін мәлімдеген.
Оқиға орнынан хабарланғандай, басқыншы Kaspi қорының барлық активтерін мүгедек балаларға, кедейлер мен мұқтаждарға беруді талап еткен.
Оқиғаның бейнежазбалары мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр.
Михаил Козачковтың телеграм арнасы басқаншының 1993 жылы туған А.Мурадов деген азамат екенін жазады. Ол кепілге алынған азаматтың бірінің басына тапанша тақап, жағдай күрделене түскен. Соңғы деректерге сенсек, оның үстінде оқ өтпейтін броне жилеті бар.
Kaspi bank мәліметінше, филиалда тек банк қызметкерлері ғана бар. Банктің баспасөз қызметі тәртіп сақшылары қызметкерлерді тұтқында ұстап отырған ер адаммен келіссөз жүргізіп жатқанын, полиция мен банктің барлық күші ешкімнің зардап шекпеуін қамтамасыз етуге бағытталғанын хабарлаған.
«Сіздерден кез келген ақпаратты таратуға жауапкершілікпен қарап, құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірмеуіңізді сұраймыз. Кез келген жалған ақпарат жағдайды ушықтыруы мүмкін», делінген банк хабарламасында.
Кепілге алынғаннан кейін бір сағат өтсе де жағдай шиеленісіп тұр. Кепілге алған адаммен келіссөздер жалғасуда, әскери техника мен арнайы «Арлан» жасағы банк ғимаратына тартыла бастаған. Шабуылдау операциясы әлі басталмады.
Жазбаны толықтыру…
16:41-де «Курсив» тілшісінің мәліметінше шабуылдау операциясы басталды.
16:49 Барлық кепілге алынған азаматтар босатылды. Банк қызметкерлері аман-есен.
16:55 Ішкі істер министрлігінің баспасөз орталығы жағдайды хабарлады.
«Kaspi bank ғимаратында күштік операция сәтті жүргізілді . Барлық кепілге алынғандар босатылды! Кепілге алынғандар полиция штурмынан кейін босатылды. Барлық қызметкерлер шығарылды. Басып алушы қауіпті емес! Барлығын дәрігерлер тексерді. Кепілге алынғандар да, басқыншы да зардап шеккен жоқ. Басқыншымен келіссөзді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жүргізді. Ол сондай-ақ күштік операцияны басқарды», деп хабарлады Polisia.kz.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов күшпен басып алу кезінде көзден жас ағызатын газ қолданылғанын атап өтті. Банк қызметкерлерін кепілге алған азамат Жамбыл облысының тумасы.
17:37 Сонымен қатар Ахметжанов басқыншының талаптары туралы айтты.
«Талаптары басқаша болды. Ол белгілі бір есепшоттарға ақша аударуды, туыстары мен жақындарына көмектесуді өтінді. Біз оның туыстарын келіссөзге тарттық. Бірақ ол туыстарының талабына келіспеді. Сондықтан біз шабуылдау операциясын өткізуге мәжбүр болдық», деді министр.
Министр шабуыл алдында қауіпсіздік күштері жағдайды толық бағдарлап алғанын айтты. Ең алдымен, азаматтарға қауіпсіз жағдай жасалған. Офицерлердің бірі кепілге алынған адамды басқыншының қолынан тартып алып, денесімен жапқан. Осыдан кейін ғана қауіпсіздік күштері басқыншыны ұстаған.
Журналистердің банктің қосымша қауіпсіздік шаралары туралы сұрағанына Ахметжанов тергеу барысында барлығы ескерілетінін айтты. Тергеу бүгінгі төтенше жағдайға ықпал еткен себептерді анықтайтын болады. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін барлық банктерге ұсыныстар беріледі.
Kaspi bank хабарлағандай, тәртіп сақшылары нұсқаулыққа сәйкес, басып алу әрекетінен кейін, бірден дабыл түймесін іске қосқан, нәтижесінде полиция оқиға орнына тезірек жеткен. Кепілге алынғандарды босату операциясы екі сағатқа созылды.
Банк қызметкерлердің ешқайсысының зардап шекпегенін растады. Барлығына қажетті қолдау көрсетіліп жатыр.
«Қызметкерлеріміздің және олардың отбасыларының атынан құқық қорғау органдарына олардың тиімділігі мен кәсібилігі үшін үлкен алғысымызды білдіреміз», – делінген банк хабарламасында.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, банк бөлімшесін басып алған азамат наркологиялық диспансерде есепте тұрады.
Оқиға орнында болған Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Kaspi bank филиалында кепілге алынғандарды босатуға атсалысқан полиция қызметкерлеріне, Ішкі істер министрлігі басшылығына және басқаларға алғысын білдірді. Әкім әлеуметтік желісінде келісілген және жедел әрекеттің арқасында басқыншы залалсыздандырылды.