AIX биржасы Swift бұлтты шешіміне қосылды

Жарияланды

Фото: AIX баспасөз қызметі

Astana International Exchange Amazon Web Services (AWS) бұлтты жүйесіндегі Swift Alliance Cloud-қа қол жеткізгенін хабарлайды. Alliance Cloud – бұл Swift ғаламдық желісіне үздіксіз интеграцияны қамтамасыз ететін қауіпсіз бұлтты шешім.

Халықаралық қаржы экожүйесінің қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген Alliance Cloud – 11 000+ контрагенттері бар Swift желісіне, сондай-ақ хабарламалар алмасу қызметтеріне, стандарттарға және техникалық шешімдерге қосылуға арналған бірыңғай қорғалған бұлттық арна. Толық ауқымдалатын, өнімділігі жоғары, тұрақты жұмыс істейтін Swift қауіпсіздік стандарттарымен жабдықталған және икемді Alliance Cloud жалпы операциялық жүктемені төмендетуге көмектеседі.

«Alliance Cloud-қа қол жеткізу AIX-ке көптеген артықшылықтар береді, соның ішінде асқан икемділік пен ауқымдыққа жол ашады, операциялық тәуекелдер мен хостинг шығындарын төмендетеді, сондай-ақ инфрақұрылымның негізгі компоненттеріне қауіпсіз және тұрақты ортада техникалық қызмет көрсету және жаңартуды қамтамасыз етеді. Ол қаржы индустриясының реттеу талаптары мен стандарттарына сай бола отырып, төлем операцияларын жүргізудің қазіргі үлгісін жеңілдетуге және оңтайландыруға мүмкіндік береді», – деді AIX Ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры: Валерий Цой.

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту.

Бұған дейін AIX Абу-Даби-дағы Tabadul цифрлық айырбас сауда орталығына тіркелетіні хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз