Жаңалықтар

Kaspi bank бөлімшесіндегі оқыс оқиға «қойылым» ба – Марат Ахметжанов жауап берді

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Астанадағы Kaspi bank бөлімшесіндегі арнайы операция «қойылым» деп ойлайтын қазақстандықтарға жауап берді.

«Ондай әңгіме жоқ. Ол – өтірік, жалған әңгіме. Имиджді ондай жұмыстармен емес, басқа жұмыстармен көтеруге болады», – деді Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан кейін.

Министр Kaspi bank бөлімшесіндегі адамдарды кепілге алған күдікті бұрын ұрлық және алаяқтық бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын айтты.

Айта кетейік, 18 маусымда Астанада Достық көшесіндегі Каспий банктің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алып, тұрғындарды кепілген алған. Кейіннен банктің бапасөз қызметі бөлімшеде тек банк қызметкерлері ғана болғанын хабарлады.
Полиция ер адаммен келіссөз жүргізді. Содан кейін кепілге алынған төрт адамның босатылғаны хабарланды, кейінірек барлық кепілге алынған адамдардың босатылғаны белгілі болды.