Фото: Ақорда
Қасым-Жомат Тоқаев ШҚО облысының әкімі Ермек Кошебаевты қабылдап, Қатон-Қарағай, Марқакөл аудандарын қайта құру жөнінде шешім қабылданғанына тоқталып, шекаралас аумақтағы елді мекендерді жүйелі түрде дамыту қажет екенін айтты.
Сонымен қатар коммуналдық инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, жылу электр стансаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтау жөнінде тапсырма берген. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Президент кездесу барысында өңірдің жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді.
«Атап айтқанда, азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру, аймақ экономикасын дамыту мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік салаларындағы тұрақты өсімді қамтамасыз етуді тапсырды», – делінген хабарламада.
16 маусым күні Даниал Ахметов Президенттің жарлығымен ШҚО әкімі лауазымынан босатылып, орнына Ермек Көшербаев тағайындалған.
Шығыс Қазақстан облысын 9 жылға жуық басқарған Даниал Ахметов, бір облысты ең ұзақ басқарған, әрі еліміздегі ең жасы үлкен әкім болған еді. 15 маусым күні 69 жасқа толған Ахметов, бұл лауазымға 60 жасында келген.
Ермек Көшербаев 2020 жылдың қаңтар айынан бастап, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі лауазымын атқарды. Ол 2010 жылдан бастап 2014 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Еңбек жолын 1988 жылы Сыртқы істер министрлігінде бастаған Ермек Көшербаев әр жылдары «Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры» қоғамдық қоры директорының орынбасары болып және «ҚазМұнайГаз» компаниясында, Ауыл шаруашылығы министрлігінде және Сыртқы істер министрлігінде түрлі лауазымды қызметтер атқарған.