Авиация: әлем бойынша күнделікті халықаралық рейс саны 250 мыңға жеткен

Жарияланды

Фото: kursiv.media

FlightRadar24 авиациялық радарының деректеріне сәйкес, маусым айының ортасында ұшақ жолаушыларының ағыны артқан. Жалпы, бұл салада пандемиядан кейін оң динамика байқала бастаған.

15 маусымдағы жағдай бойынша күнделікті халықаралық рейс саны орта есеппен 250 000 жеткен. Сонымен қатар, коммерциялық авиация рейстерінің саны да ртып, 130 мыңнан асқан.

Жақында Boeing компаниясы әуе рейстеріне оң өзгерістер болып жатқанын айтып, соңғы есебінде нарыққа оптимистік көзқараспен қарайтынын мәлімдеген. Атап айтқанда, Boeing алдағы 20 жылда ұшаққа сұраныс артатынын, нәтижесінде шамамен 8 триллион долларға 42,6 мың жаңа ұшақ жасалатынын болжаған.

Сонымен бірге, Boeing пандемиядан кейін ішкі нарық толығымен қалпына келгені себепті әуе қатынасына сұраныс экономикалық өсімнен асып түсетінін, ал халықаралық трафик 2024 жылға қарай пандемияға дейінгі деңгейге оралатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз