Бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннен куә ретінде жауап алынды – Бас прокурор

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Қазақстанның бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннен Абай облысындағы орман өртіне қатысты куәгер ретінде сұралады. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов айтты.

«Одан жай ғана куә ретінде жауап алынды, болды. Оның куәгер ретіндегі қандай да бір мәртебесі жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр. Жоғары лауазымдыларлан (шенеуніктерден) ешкім жоқ. Өртті сөндіріп жатыр сол себепті, мамандар мен өрт сөндірушілерге кедергі жасамауды жөн санадық. сол жұмыстар аяқталғаннан кейін біз тергеу барысында жауап аламыз», деді Асылов парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Жаңалықтар толықтырылып жатыр.  

Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Бас прокуратураның Абай ауданындағы ауқымды өрт фактісі бойынша бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің жұмысын тексеретінін мәлімдеген.

Кейін Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы орман өртіне байланысты әлі ешкімге айып тағылмағанын айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз