Дүйсенбі күнгі саудада Еуропа қор индекстері төмендеді

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Дүйсенбі күнгі сауда-саттықта Еуропа қор индекстері қызыл түсте аяқтап, британдық индикатор кейінгі бес сессияда алғаш рет төмендеген. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлайды.

Еуропа нарықтарына бірнеше инвестициялық банкті, соның ішінде Goldman Sachs Group Inc. сарапшыларының Қытай экономикасына қатысты болжамдарының нашарлауы жағымсыз әсер етті. Бұл тау-кен өндіруші компаниялардың, сондай-ақ сәнді тауар өндірушілердің акцияларының арзандауына әкеп соқты.

BHP Group – 0,8%, Rio Tinto – 1,6%, Antofagasta – 2,1%, Anglo American – 2,4% төмендеді. LVMH акцияларының құны 1,8%-ға, Kering – 1,7%-ға төмендеді.

Аймақтағы ірі компаниялардың жиынтық индексі Stoxx Europe 600 дүйсенбі күні нарықтың жабылуында 1,02%-ға төмендеп, 462,04 тармақты құрады.

Британдық FTSE 100 – 0,71%, неміс DAX – 0,96%, француздың CAC 40 – 1,01%, итальялық FTSE MIB – 0,39%, испандық IBEX 35 – 0,66% құлдырады.

Осы аптада трейдерлердің назары Ұлыбританиядағы тұтынушы бағасының динамикасы туралы деректер мен Англия Банкінің отырысына бағытталған.

Сарапшылардың консенсус болжамы Ұлыбританиядағы инфляцияның өткен айда сәуірдегі 8,7%-дан 8,4%-ға дейін баяулағанын айтады, Бұл мәліметт Ұлыбританияның Ұлттық статистика басқармасы сәрсенбі күні Мәскеу уақытымен сағат 9:00-де жариялайды.

Англия банкінің келесі отырысының қорытындысы 22 маусымда шығарылады. Financial Times газеті сарапшылар Орталық банкт базалық мөлшерлемені 25 базистік пунктке көтеріп, кейінгі 15 жылдағы ең жоғары деңгей 4,75%ға дейін жеткізеді деп болғап отырғанын жазады,

Дүйсенбіде Stoxx Europe 600 индексінің құрамдас бөліктерінің арасында Getinge AB медициналық техника өндірушісінің акциялары арзандады. Дүйсенбіде компания екінші тоқсанда да, одан кейін де қаржы нәтижесіне өнім сапасы әсер ететінін жариялады.

AstraZeneca фармацевтика компаниясының нарықтық құны 1,2%-ға төмендеді. Financial Times ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, AstraZeneca геосаяси шиеленістердің күшеюі жағдайында өз бизнесін қорғау үшін Қытайдағы бизнесін дербес компания ретінде тоқтатуды қарастырып жатқанын хабарлады.

Француздық Michelin акциялары 1%-ға арзандады. Шина жасаушы композиттік материалдар шығаратын Flex Composite Group компаниясын 700 миллион еуроға сатып алды.

Лондонда Coca-Cola HBC бағалы қағаздарының бағасы 0,5%-ға арзандады. Компания Finlandia арақ брендінің иесі Brown-Forman (SPB: BF.B) Finland компаниясын 220 миллион долларға сатып алғанын хабарлады.

Stoxx Europe 600 индексінің дүйсенбі күнгі ең үздік көрсеткіші Next Plc еншісінде, б 4,7% өсті. Киім дүкені желісі қаржы жылына арналған сату көлемін және қаржы болжамдарын жақсартты.

Airbus SE 0,2%-ға қымбаттады. Еуропалық аэроғарыш корпорациясы үнділік IndiGo әуе компаниясынан 500 ұшаққа тапсырыс алды. Екі компания арасындағы келісімге дүйсенбі күні Ле Буржеде ашылған Париж авиасалонында қол қойылды.

Сондай-ақ оқыңыз