Freedom Holding қазақстандық Arbuz супермаркетін сатып алды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Freedom Holding компаниясы қазақстандық Arbuz Group тобының 81,92% үлесін жеке инвесторлардан сатып алды. Бұл туралы холдингтің хабарламасында айтылған.

Холдингпен бірге Arbuz.kz құрылтайшыларының бірі, Freedom Holding-тің Бас атқарушы директоры Тимур Турловтың айтуынша, Freedom Bank және Arbuz интеграциясы сервисті үздіксіз жақсартуға және пайдалы қызметтерді дамытуға және бонустық бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол электронды азық-түлік дүкені жалпы алғанда онлайн-сатуларды дамытуда драйвер рөлін атқара алады.

«Соңғы жылдары «Арбуз» қазақстандық тамақ өнеркәсібінің флагмандарының біріне айналды. Қызметтің ыңғайлылығы, жылдамдығы және бірегей технологиялық шешімдері оның халық арасында танымалдығының өсуіне ықпал етеді. Отандық ірі интернет-сайттардың бірі бола отырып, стартап еліміздегі электронды коммерцияның дамуына да үлкен үлес қосуда. Интеграция екі компанияның да, бүкіл қазақстандық Freedom экожүйесінің де қызметтерді тұтыну аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік береді және нарықтағы позициямызды нығайтады», деді Турлов.

Arbuz Group компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Алексей Ли оның компаниясы Freedom келісімін оң қабылдағанын айтқан. Ол өз фирмасының бірнеше жыл ішінде электронды азық-түлік сегментінде көшбасшы орындарға шыққанын мәлімдеді.

«Нарықтағы бірегей позициямызды және болашақтағы әлеуетімізді бағдарлау үшін біз дамудың келесі кезеңін жоспарлағанбыз. Сол себепті де бірнеше қолжетімді нұсқалардың ішінен таңдау Freedom ұсынысына түсті. Мен команда үшін және тұтастай алғанда компания үшін қуаныштымын, өйткені мен Freedom экожүйесімен күш біріктіру арқылы қандай жетістіктерге жетуіміз мүмкін екені бағдарлай аламын», дейді Ли.

2019 жылдың маусым айында Тимур Турлов Arbuz.kz сайтына 500 000 АҚШ долларын инвестициялады. Arbuz.kz командасы жиналған капиталды жаңа фулфилмент орталығын салуға, флотты толықтыруға, ассортиментті кеңейтуге және жеке IT жүйелерін одан әрі дамытуға жұмсауды жоспарлады. Содан кейін Турлов жобаға «қаржылық жағынан ғана емес, жинақталған тәжірибесімен де бөлісуге» уәде берді.

Ал 2022 жылдың күзінде Тимур Турлов EasyTap дүкендер мен мейрамханаларында сағатқа жұмысшы жалдау қызметінің онлайн сервисінен үлесін сатып алды. Сол жылдың соңында кәсіпкер смарт қалаларға арналған шешімдерді әзірлеуші ​​қазақстандық Sergek Group компаниясының 35% үлесін де сатып алатынын жариялаған.  

2023 жылдың сәуір айында Freedom Holding Choco портфолиосының бір бөлігі – Aviata/Chocotravel қызметтерін 32,3 миллион долларға сатып алғанын жариялады. Мәміле 2023 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Arbuz.kz онлайн супермаркеті 2011 жылы іске қосылды және осы уақыт ішінде онлайн дүкенде 205 000 тұтынушы сауда жасаған. Ол азық-түлік, сусындар, тұрмыстық химия және тұрмыстық заттар жеткізілетін супермаркет үлгісінде жұмыс істейді.

Кәсіпкер Тимур Турлов қазақстандық стартапқа 1,5 млн доллар қаржы салды.

Осыдан біраз уақыт бұрын Қазақстанда мемлекеттік бағдарлама аясында микро, шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несиелеуге арналған онлайн платформа іске қосылды. Freedom Holding Corp пен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры бірлесіп әзірлеген бұл жоба арқылы кәсіпкерлер 6-7 сағатта несие рәсімдей алады.

Ал мамыр айында байлығы еселене түскен еліміздегі ең бай 50 бизнесменнің тізімі жарияланды. Онда Тимур Турлов 3,1 миллиард доллар байлығымен бесінші орында тұр.

Сондай-ақ оқыңыз