Фото: Үкімет
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мемлекеттік сапармен келді.
Мейманды дүйсенбі кешке Астана әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
Сапар барысында мемлекет басшылары Қазақстан-Германия стратегиялық серіктестігін нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізіп, бірқатар құжаттарға қол қояды деп жоспарланған.
Сонымен қатар Германия Федералды Президенті Қазақстан және Германия университеттері ректорларының форумында сөз сөйлеп, Қазақстан Президентімен бірге қазақ-герман бизнес форумына қатысады.
Бұдан бөлек, мемлекеттік сапар аясында Франк-Вальтер Штайнмайер Маңғыстау облысына барып, онда Қазақстан-Германия инженерлік институтының ашылуына және Svevind швед-герман компаниясының жасыл сутегі өндіретін зауытында сынама бұрғылау жұмыстарын іске қосу рәсіміне қатысады.