13 млн теңге пара алды деген күдікпен Шымкентте әкімдіктің басқарма басшысы ұсталды – Антикор

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғари Facebook парақшасында жазды.

«Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды», деп жазлы Дәурен Ерғарин.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыз