Кейінгі 5 жылда заңды тұлғаларға берілген қарыз жыл сайын 10 пайызға өсіп отыр

Жарияланды
Шығарушы редактор

Фото: kursiv.media

Қазақстан банктерінің заңды тұлғаларға берген жаңа қарызы кейінгі 5 жылда (2018-2022 ж) жыл сайын 10 пайызға өсіп отырған. Бұл ретте корпоративті секторға берілген жаңа кредиттердің жалпы сомасы заңды тұлғалардың жиынтық портфелінен жыл сайын асып түскен. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кейінші бес жылда ел экономикасына берілген несие жайлы талдауын ұсынады.

Бұл ең алдымен бизнеске терілетін несие мерзімінің қысқалығымен байланысты. Қысқа мерзімге берілген кредит тез жабылады. Сонымен қатар, кредит портфеліне жұмыс істемейтін несиені есептен шығару мен қайта құрылымдау да әсер еткен.

Қызмет көрсетілмейтін кредиттердің есептен шығарылғанын мерзімі өткен қарыз көлемінің қысқарғанынан байқауға болады. Ол әсіресе ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында байқалады.

Жаңадан берілген несие құрылымын экономика салалары тұрғысынан қарасақ, сауда саласында берілген қарыз басым түседі. Бұл салаға бүкіл қарыздың 60 пайызы берілген. Өнеркәсіп саласына берілген несие көлесі 26 пайызға тең.

Алайда портфельде олардың үлесі өзгеше. Сауда салады бірден екі есе қысқарса, өнеркәсіптің үлесі 39 пайызға дейін жеткен.

Бизнесті несиелендіруде мемлекеттің қатысу салмағы басым. ЕДБ портфеліндегі жеңілдетілген несиелерді есептемегенде, бизнеске берілген несиенің үштен бір бөлігі ҚДБ мен «Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымдарына тиесілі.

Экономиканың көптеген секторларында өндірістің рентабельділігі 2022 жылы байқалған өсіміне қарамастан, несие мөлшерлемесы өте жоғары.

Бұл ретте рентабельді емес компаниялардың үлесі 2021 жылы 26,4% және 2020 жылы 25,8% салыстырғанда 2022 жылы 31,9%-ға дейін өскен. Осының аясында биыл бірінші тоқсандада бизнесті несиелеуге өтінімдерді мақұлдау көрсеткіші барлық өтінімдердің 50 пайызынан кем.

Экономиканың көптеген секторында еңбек өнімділігінің өсу қарқыны тұрақты. Осының аясында олардың ЖІӨ құрылымындағы үлесі де өзгерген жоқ (2018 жылы 64,9%, 2022 жылы — 64,8%).

Салық төлемдері ірі және орта кәсіпорындарда, ал сала бойынша алсақ, өнеркәсіп пен саудада шоғырланған. Көрсетілген кезеңде олардың орташа жылдық өсу қарқыны пайданың 14,8%-ға және инфляцияның 9,4%-ға өсуімен 22,6%-ды құрад

Сондай-ақ оқыңыз