Фото: kursiv.media
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры иелігіндегі компанияларды жекешелендіру бағдарламасы аясында 2023 жылы Qazaq Air IPO-сын өткізуге ниетті. Бұл туралы қордың экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Нәзира Нұрбаева мәлімеді.
«Qazaq Air акцияларының 100 пайызын сату жоспарланған, алайда бәрі инвесторлардың сұранысына байланысты болады», – деді Нұрбаева.
Ол сондай-ақ қордың 2023 жылы KEGOС акцияларының 5%-ын SPO-ға шығатыны жайлы жоспарды растады.
Qazaq Air әуе компаниясын 2015 жылы «Самұрық-Қазына» қоры Қазақстан өңірлерн, сондай-ақ көршілес мемлекеттер шекаралас аймақтары арасындағы әуе қатынасын дамыту мақсатында құрды. Әуе компаниясының паркі бес De Havilland Dash-8-Q400NG (бұрынғы Bombardier Q400) ұшағынан тұрады және Астана әуежайында орналасқан. 2022 жылдың қарашасында «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі қор Qazaq Air үшін 20 Boeing 737 Max ұшағын сатып алуды қарастырып жатқанын хабарлады.
Qazaq Air-дің IPO-сы бұған дейін бірнеше рет кейінге шегерілген «Самұрық-Қазына» әуе компаниясының 2022 жылы жекешелендіру жоспарынан бас тартуын бизнес ауқымының шағын болуымен түсіндірген.