«ШалқияЦинктің» 2022 жылғы шығыны 1,55 млрд теңгеге жеткен

Жарияланды

Фото: tengrinews.kz

ShalkiyaZinc Ltd АҚ-ның 2022 жылғы шығыны 1,55 млрд теңгені құрады. Компаниияның 2021 жылғы шығыны 0,7 млрд теңге болған. Бұл мәлімет Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтындағы компанияның аудиттелген қаржылық есебіне сілтеме жасай отырып ҚазТАГ хабарлайды.

Есепті кезеңдегі салық төлегенге дейінгі шығын 1,46 млрд теңгеге жеткен, бір жыл бұрын оның көлемі 1,08 млрд теңге болған.

Ал операциялық шығын 304 млн теңге болса, бір акцияға шаққандағы шығын 0,92 мың теңгеден 1,92 мың теңгеге дейін өсті.

«ShalkiyaZinc Ltd» АҚ активтері 2022 жылға 40%-ға, 96,6 млрд теңгеге өскен. Есепті кезеңдегі компания міндеттемелері 3,5 есе өсіп, 33,2 млрд теңгеге жетсе, капиталы 6% өсіп көретіп, 63 млрд теңгеге дейін жетті. Сонымен қатар жарғылық капиталы да 8% өсіп, 67,8 млрд теңгені құрады.

«ShalkiyaZinc Ltd» АҚ жалғыз акционері – «Тау-Кен Самұрық» АҚ.

Бизнесмен Кеңес Рақышев 2014 жылы «ShalkiyaZinc Ltd» АҚ-ның 100 пайызын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ еншілес ұйымы – «Тау-Кен Самұрық» компаниясына 31 млрд теңгеге сатқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз