Жоғары оқу орындарында 2023-2024 оқу жылына құжат қабылдау басталды

Жарияланды (жаңартылды )

Фото: kursiv.media

Қазақстанда жоғары оқу орындары қабылдау комиссияларының жұмысы басталды. 2023-2024 оқу жылына құжат 20 маусым мен 25 тамыз аралығында қабылданады. 13-20 шілдеде білім беру гранттарының конкурсына өтініш қабылдау өтеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ЖОО-ға оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), № 075/у нысанындағы медициналық анықтама, ер жігіттер әскери тіркелу куәлігін тапсыру керек. Сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады.

Оқуға түсушілер 18 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін өтетін ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін грант конкурсына ұсына алады. Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Айта кетсек, «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» білім беру салалары бойынша қабылдау арнаулы емтихан нәтижелері есепке алына отырып жүргізіледі. Бұл емтихан жоо базасында 20 маусым мен 20 тамыз аралығында өткізіледі.

Шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініш 20 маусымнан 7 шілдеге дейін қабылдайды, емтихандардың өзі 8-15 шілде аралығында өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз