Ресейлік әуекомпания Алматы-Сочи бағытын қайта ашады

Жарияланды
Фото: shutterstock; unsplash

Ресейлік «Азимут» компаниясы 28 маусымнан бастап Алматы-Сочи бағытында әуе рейстерін орындай бастайды.

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады, деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

«Осылайша, «Азимут» әуе компаниясы 2023 жылғы 28 маусымнан бастап Алматы – Сочи бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайды. Тасымалдау «Sukhoi Superjet-95″ типті әуе кемелерінде бейсенбі күндері аптасына 1 рейс жиілігімен орындалатын болады», делінген хабарламада.

Азимут әуе компаниясы 2017 жылы құрылған, Ростов-на-Дону қаласында орналасқан.

Бұған дейін, Түрік Авиакомпаниясы Mavi Gök Aviation Анталия – Астана – Анталия жаңа рейсін іске қосқан болатын. Ол 4 маусымнан бастап, рейстерді орындай бастады.

Сондай-ақ оқыңыз