Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды

Жарияланды
Құрбан айт
Фото: Ақорда

Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінде мемлекет басшысының атынан құнбардық шалынды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды», делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтаған болатын.

«Бұл – Исламның тағылымы мол діни дәстүрі. Құрбан айт адамдарды мейірімді, адал, жанашыр болуға, адамзаттың бәріне құрметпен қарауға үндейді. Осы құндылықтар ұлттың рухани өрлеуіне, қоғамда жауапкершілік пен әділдік қағидаттарын орнықтыруға ықпал етеді», деді Президент құтықтауында.

Сонымен қатар ол Құрбан айт мерекесімен тұспа-тұс келген БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен де құттықтады. Оқиғаларды жан-жақты зерделеп, популизм мен арандатушылыққа тосқауыл бола білетін журналистердің жұмысын – айрықша маңызды миссия деп бағалады.

Сондай-ақ оқыңыз