Фото: kursiv.media
Қазақстанда 1,5 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері арзандады.
Атап айтқанда, 20 маусым мен 27 маусым аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1%-ға арзандаған. Бұл азық-түлік бағасының 2021 жыл соңынан бері алғашқы төмендеуі.
Бағасы түскен өнімдер арасында 1 сортты бидай ұны бар. Ол -0,3%-ға төмендеген. Соңғы 13 аптаның 11-інен бастап арзанға сатыла бастаған. Ал қрақұмық 2022 жылдың қараша айының ортасынан бастап, яғни 33 апта қатарынан арзандап келген. Бағасы -0,1%-ға түскен. Күнбағыс майы -0,1%-ға арзандаған, оның бағасы наурыз айының соңынан, 14 апта қатарынан төмендеп келеді.
Ал көкөністерге келер болсақ, бұл өнім түрлері айтарлықтай арзандай қоймаған. Көктемгі маусымда әдеттегідей қымбаттай түскен. десе де, картоп -0,8%-ға, пияз -0,5%-ға арзандаған.
Қант -0,2%-ға түсіп, арзандау циклінің ұзақтығы бойынша көшбасында тұр. Соңғы 43 аптаның 38-інде бағасы түсіп келеді. Сонымен бірге жұмыртқа -0,5%-ға 9 апта қатарынан арзандап келген. Сарапшылар жұмыртқа бағасының мамыр-маусым айларында арзандай түсуін әдеттегі жағдай деп түсіндіреді.
Сонымен бірге сарапшылар әлеуметтік маңызы бар аызқ-түлік өнімдерінің арзандай бастағанын жақсы белгі деп санайды. Өйткені бұл тауарлардың қымбаттауы инфляцияға тікелей әсер етеді.