Жаңалықтар

АҚШ экономикасын рецессия күтіп тұр ма?: ФРЖ басшысының жауабы

АҚШ экономикасы қазір тұрақты. ФРЖ басшысы Джером Пауэлл ел экномикасы рецессияға ұшырауы мүмкін екенін жоққа шығармаса да, ол негізгі сценарий емес деп тұжырымдайды. Бұл туралы Португалияның Синтра қаласында өткен Еуропа Орталық банк форумын мәлімдеді.

Дегенмен, Пауэлл АҚШ-тағы инфляция олар күткеннен де тұрақты болып тұрғанын атап өтті. Бұл пайыздық мөлшерлемелерді одан әрі арттыруға себеп болмақ.

«Ақша-несие саясатының ұстанымы қазір «шектеу» болып тұр, бірақ ол біраз уақыттан жеткіліксіз болып қалуы мүмкін», – деп қосты Пауэлл.

Маусым айында ФРЖ базалық мөлшерлемені көтермеу турралы шешім қабылдаған. Алайда бірқатар ФРЖ өкілі келер айларда мөлшерлемені көтеруге себеп жеткілікті деп санайды.

«Реттеуші алдағы уақыттағы отырысында мөлшерлемені көтере ме» деген сауалға Пауэлл бұл әлі шешілмеген деп жауап берді. Дегенмен оны жоққа шығармайды.

ФРЖ басшысы мөлшерлеменің көтерілуінің біршама баяулауын тым қатаң және тым жұмсақ ақша-несие саясатының сын-қатері бірте-бірте теңгеріліп келе жатқанымен түсіндірді, бірақ әлі толық теңгерімге қол жеткізілмеген.

Сол шарада сөз сөйлеген EОБ президенті Кристин Лагард Еуропа орталық банкінің шілде айында мөлшерлемелерді көтеруі мүмкін екенін айтып, шешімдердің әр отырыста бөлек қабылданатынын және келетін статистикалық деректерге байланысты екенін атап өтті.

«Біз инфляцияның 2% мақсатты көрсеткішке тұрақты түрде жылжып келе жатқанына көз жеткізбейінше, мөлшерлемені жоғары деңгейде ұстағымыз келеді», – деді ол.

Лагард сондай-ақ еуроаймақ биыл рецессияға ұшырамайды деп үміттенетінін жеткізді. 2023 жылдың бірінші тоқсанында еуроаймақта өсім болмаған, ал екінші тоқсанның деректері әлі белгісіз. Алайда статистика, соның ішінде өнеркәсіптік сектордағы сатып алу менеджерлерінің индексі (PMI) алаңдатады. Екінші жартыжылдықта EОБ басшылығы экономикалық өсім жоғарылап, жалпы алғанда биыл ЖІӨ өсімі 0,9% болады деп болжайды.