Жаңалықтар

162 млн теңгені жымқырған кәсіпорын басшысы 7,5 жылға сотталды

Фото: kursiv.media

Ел бюджетінің 162 млн теңгесін жымқырған «Теректі – таза су» мемлекеттік кәсіпорнының директоры мен бас бухгалтері сотталды. Теректі аудандық сотының үкімімен кәсіпорын директоры 7,5 жыл арқаласа, бас бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Екеуі де өзі мен ұйым қызметкерлеріне артық жалақы жазу, сондай-ақ жеткізушілерге нақты орындалмаған жұмыс үшін бюджет қаражатын негізсіз аудару арқылы 162 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды», – делінген хабарламада

Антикордың мәліметінше, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызмет, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қаржы ұйымдары және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылған.

Бұған дейін агенттік пара алды деген айыппен «Семей орманы» табиғи резерватының басшылары 10 жылға сотталғаны хабарлаған.

15 маусымда Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаров қылмыс үстінде ұсталып, қамауға алынды.

16 маусымда Шымкент ветеринария қызметінің маманы 104 млн теңгені жымқырғаны белгілі болды. Олар 1,5-7,6 жыл аралығында бас бостандығынан айырылды.