2024 жылдан бастап қазақстандықтар дактилоскопиялық құрылғымен құжат рәсімдейтін болады

Жарияланды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына «Дактилоскопиялық тіркеу» жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Ақорда.

«Бұл жоба азаматтарға уақыт үнемдеп, құжаттарын өз бетінше рәсімдеуге мүмкіндік береді. Ең басты ерекшелігі – суретке түсірген кезде адамның бет-бейнесін таниды. Бұл заңсыз құжат рәсімдеу фактілерін болдырмайды», делінген хабарламада.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке басты куәландыратын құжат беру кезінде міндетті дактилоскопиялық тіркеу қолданыла бастайды. Деректер қорына саусақ ізі дактосканерлер арқылы енгізіледі. Азамат келесі рет өтінім жасағанда оның кім екені саусақ ізі арқылы анықталады.

Сонымен бірге президентке «Қорғау» мобильді қосымшасының жұмыс істеу приниципі де көрсетілді. Аталған қосымша жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өрескел құқықбұзушылармен күресуге арналған. Бұл қосымша арқылы полиция қызметкерінің планшетіне маңайда жүрген «қауіпті» жүргізуші туралы хабарлама бірден келіп түседі. Осылайша, бұл қосымша «қауіп төндіретін топтармен», яғни жол жүру ережесін жиі әрі әдейі бұзатын жүргізушілермен жеке жұмыс жүргізуге мүкміндік береді.

Ішкі істер департаментінің мәліметінше бұл бағдарлама тиімділігін дәлелдеген және еліміздің 16 аймағында және кейбір моноқалаларда қолданылады.

Президентке таныстырылған жобалар арасында «есірткі қылмысымен күрес» жобасы да бар. Ескірті тарату қылмысына қарсы іс-қимылға арналған бұл жобада қылмыстық байланыстардың, телефон арқылы сөйлесулердің және ақша аударымдарының схемаларын визуалды түрде кеңірек көрсететін ақпараттық-талдау бағдарламасы қолданылады.

Жалпы, бағдарлама көмегімен жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 2300 ескірті сататын сайт бұғатталып, 1300 есірткі қылмысы әшкереленген. Сондай-ақ 6 мың тоннадан астам есірткі тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыз