Қазақстан бейбітшілік қалайтын елдердің қатарында 76-орында тұр

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Жаһандық бейбітшілік индексінде Қазақстан 76-орынға табан тіреді. Рейтиңді Дүниежүзілік экономика институты (IEP) мен Сидней университетінің сарапшылары 2007 жылдан бері жасап келеді.

Бейбітшілік деңгейі 23 көрсеткішпен өлшенеді. Дегенмен рейтиңді сынайтындар ол көрсеткіштер әркез бір-бірімен сәйкес келе бермейтінін айтады. Бұл рейтиңде ішкі және сыртқы соғыс пен осы соғыстарда шейіт кеткендердердің саны есепке алынады. Оған қоса, кісі өлтіру және басқа да ауыр қылмыстар саны, тұтқындардың жалпы саны және лаңкестік әрекеттердің ықтималдығы ескерілген.

Бұл ретте азаматтар арасындағы сенімсіздік пен саяси тұрақсыздық дәрежесі бес баллдық шкала бойынша бағаланады. Алайда оны әр елдің жағдайын терең талдаусыз сапалы бағалау қиын, кейбір біржақты пікірлерге жол беретін факторлап болып түр.

Amnesty International ұйымы адам құқығы қалай құрметтелетінін бағамдайды.

Рейтиңдегі бірінші орында 15 жыл бойы Исландия тұр, ал соңғы 163-орында Ауғанстан елі тұрақтаған. Ал Қазақстан кейінгі бір жылда рейтиңде 21 сатыға көтеріліп, Орталық Азия аймағындағы көршілерін басып озған. Өзбекстан 86-орында болса, Түркіменстан, Қырғызстан және Тәжікстан сәйкесінше, 101, 102, 103 орынға жайғасқан.

Украина мен Ресей екінші жылға жалғасқан соғыс кесірінен индекстің соңғы ондығында (157 және 158 орын).

Осы өңірдегі әскери қақтығыстарға қарамастан, Еуропа планетадағы ең бейбіт аймақ болып қала беред. Рейтингтегі үздік 10 елдің жетеуі осында орналасқан. Ал Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка ең мазасыз, қантөгісі көп аймақ болып тұр.

Жалпы алғанда, бейбітшілік индексі бір жыл ішінде 0,42 пайызға төмендеген. Бұл үрдіс 9 жылдан бері жалғасып келеді.

Сондай-ақ оқыңыз