Фото: kursiv.media
Қазақстанның 2022 жылы мұнайға қатысты емес кірісі 2 есе өсіп, 14 трлн теңгеге жеткен. Мұндай статистиканы Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары келтіреді.
Сарапшылар соңғы 5 жылда Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің мұнайға қатысты емес кірістері іс жүзінде 2 есеге ұлғайғанын айтады. 2018 жылғы бұл көрсеткіш 7,1 трлн теңге болса, 2022 жылы 14 трлн теңгеге жеткен.
Бұл кірістер – ҚР Ұлттық қорынан берілетін трансферттерді және шикі мұнайға кететін кедендік баждарды қоспай есептеледі.
«Мұнайға қатысты емес кірістердің өсуіне қарамастан, олардың ЖІӨ-дегі үлесі төмен болып қалуда: 2018-2022 жылдары орта есеппен 12,7% құрады. Бірақ, COVID-19 кезеңінде шектеу шараларын енгізу және салықтық ынталандыру шараларын енгізу салдарынан салық түсімдері төмендеген. 2021 жылдың көрсеткіштерін ескермесек, бұл ретте қаралып отырған кезеңде, 2018-2022 жылдар аралығында ЖІӨ-дегі мұнай емес кірістер үлесінің жыл сайынғы өсу үрдісі байқалады», дейді сарапшылар.
Мұнайға қатысты емес түсімдер негізінен қосымша құн салығы мен корпоративті табыс салығынан түсіп отырған. 2018-2022 жылдар аралығында олардың орташы көрсеткіші 29,0% және 24,9% болған.
Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап шағын және орта бизнестің корпоративті табыс салығының көлемі 1,04 трлн теңгені құраған. Бұл 2020 жылғы деңгейден 2 есеге артық.