Жаңалықтар

KASE Global секторындағы сауда-саттық 1,2 млрд теңгені құрады

Фото: kursiv.media

Маусым айында KASE Global секторындағы сауда-саттық көлемі 1,2 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш мамырмен салыстырғанда, 4%-ға артық. Доллармен есептегенде, 2,8 млн долларды құрайды.

32 компанияның 45,7 мың акциясымен 4,4 мың мәміле жасалған. Олардың жалпы құны 1,17 млрд теңгені құрайды. Ал 5,7 мың ETF акциясымен жапы құны 62,4 млн теңгеге 91 мәміле жасалды.

Сауданың басым бөлігі төмендегі компаниялар үлесінде:

  • Pfizer (291 млн теңгеге 200 транзакция);
  • Tesla (187,7 млн теңгеге 794 транзакция);
  • Advanced Micro Devices (106 млн теңгеге 247 транзакция).

Мәмілелер саны бойынша Tesla (1,8 мың акциямен 794 мәміле), AT&T (7,8 мың акциямен 479 мәміле) және Intel (4,1 мың акциямен 424 мәміле) көш бастап тұр.

Инвесторлардың негізгі санаттарының ішінде акциялармен жасалған мәмілелердің басым бөлігі жеке тұлғаларға тиесілі– 49% Ал брокер-дилерлік ұйымдарға – 23%, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 28%-дан келеді.

KASE Global секторындағы шетелдік эмитенттерге тиесілі 25 акциясының саудасы 2021 жылдың 15 қарашасында ашылған.