Әуе компаниялары 4 айда 205 млрд теңге табыс тапқан

Жарияланды
Шығарушы редактор

Фото: kursiv.media

Биыл қаңтар–сәуір айларында әуе компаниялардың табысы 204,6 млрд теңгені құрады. Былтыр осы айларда тапқан табысы 119,6 млрд теңге болған. Жылдық өсім 71 пайызыды құрайды. Әуе компаниялары табысының артуына әуе билеттерінің бір жыл ішінде 29 пайызңа қымбаттағаны себеп. 4 айдағы табыстың 4,2 млрд трңгесі жүк пен багаж тасымалынан, 200,4 млрд теңгесі жолаушылар тасымалынан түскен.

finprom.kz жазуынша, экипажы бар көліктерді лизингке беруден түскен табыс 2 млрд теңгені құраған.

Биыл қаңтар–сәуір айларында әуе компаниялары 3,6 млн адам тасымалдаған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 36% артық. Ел бойынша жолаушылар ағынымен Алматы көш бастап тұр: қала әуежайынан ұшқан адамдар саны 1,2 млн құраған.

Алғашқы бестікке Астана (951,8 мың жолаушы), Шымкент (346,3 мың жолаушы) қаласы, Атырау (305,5 мың жолаушы) және Маңғыстау (220,7 мың жолаушы) облысы енді.

Төрт айдың қорытындысы бойынша жүк пен багаж тасымалдау 7,8 мың тоннаны құрап, бір жыл бұрынғыдан 26,2% өсті.

Биыл мамыр айында әуе көлігі қызметі бір жылда 28,9% қымбаттаған. Маңғыстау (63,5%), Атырау (56,5%), Қызылорда (42,7%), Жетісу (37%) және Қостанай (28,6%) облыстарында билет бағасы аспандап кетті. Тек Алматы (11,5%) қаласы мен Ұлытау (21,4%) облысында аздап арзандаған.

Қазіргі уақытта 3 отандық және 26 шетелдік авиакомпания 102 әуе бағыты бойынша аптасына 494 рейс жиілігімен 27 мемлекетке халықаралық жолаушылар рейсін орындайды. 2022 жылы Қазақстаннан 7 елге 10 жаңа әуе бағыты ашылды. 

Сарапшылар елімізде әуке тасымалы өте қымбат дейді. Тіпті Батыс елдерімен салыстырғанда Қазақстанның ішкі рейстері қымбат саналады екен. Ал қызмет сапасы соған сай емес.

Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігі билет бағасының шарықтап кетуіне нарықта бәсекенің болмауы әсер етіп тұр деп мәлімдеді.

Бұл нарықта сұраныс пен ұсынысты толық бақылайтын мемлекеттік компаниялар тобы – Ұлттық авиатасымалдаушы және еншілес компаниялар басым. Мемлекет иелігіндегі авиакомпаниялардың активтерін бөлу мәселесі әлі күнге дейін өз шешімін таппаған. Нәтижесінде нарықта бәсеке жоқ, баға деген шарықтап кеткен. Рейстері кешігіп, жолаушылар зардап шегіп отыр.

Марат Омаровтың айтуынша, баға белгілеу саясаты да монополия нарығында жұмыс істемейді. Тіпті бір бағыт бойынша билет бағасын 4,5 ес қымбатқа сатқан фактілер тіркелген. Сондықтан, қазіргі жағдайда нарыққа жаңа авиатасымалдаушыларды шақыру үшін «Ашық аспан» режимін күшейту мәселесі қарастырылып жатыр.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов та отандық әуе компаниялары билеттерінің өте қымбат екеніне назар аударған еді.

«Рейстердің кешігуі немесе мүлдем орындалмай қалуына байланысты шағым көп. Рейстердің кешігу себебі уақытылы түсіндірмейді. Лайықты сервис ұсынылмайды. Осыдан барып, баға саясатында да көптеген сұрақ туындайды. Мысалы, Астанадан Алматыға дейін лоукостермен 1,5 сағаттық ұшу Еуропа, АҚШ немесе Қытай елдеріндегі осындай маршруттармен салыстырғанда 2 есе қымбат болуы мүмкін», – деді Смайылов.

Жақында Қазақстанда әуекомпаниялардың жолаушылар алдындағы жауапкершілігін күшейту бойынша жаңа нормалар енгізілген. Оған сәйкес, рейс кешіксе жолаушыға тамақ пен қонақ үй берілуі тиіс. 

Сондай-ақ оқыңыз