
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады.
«Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз», – деп жазды Мемлекет басшысы.
Қазақстанда шілде айының бірінші жексенбісінде Ұлттық Домбыра күні аталып өтіледі.