МАЭК жылу электр станциясында апат болды

Жарияланды
Интер РАО удвоит рентабельность при операциях с Казахстаном

Фото: kursiv.media

МАЭК жылу электр станциясында апат болып, №1 энергия блогы жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2023 жылғы 03 шілдеде сағат 18.23-те «МАЭК» ЖШС жылу электр станциясында жүктемесі 130 МВт болатын № 1 энергия блогы апатты жағдайда ажыратылды. Батыс энергия торабында генерацияның күрт істен шығуына байланысты электр желісінің жиілігі 48,6 Гц-ке дейін төмендеді. Осыған байланысты Маңғыстау және Атырау энергия тораптары оқшауланған жұмысқа бөліп шығарылды. Сол себепті Атырау ЖЭО, Karabatan Utility Solutions бу-газ қондырғысы, Қаламқас және ТШО газ станциялары оқшауланған жұмысқа бөліп шығарылды», делінген хабарламада.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарға және елді мекендердің бір бөлігіне шектеулер енгізілді.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша сағат 19.22-де Атырау энергия торабы Батыс энергия торабымен синхрондалған. Ал сағат 20.36-да Маңғыстау энергия торабы энергиялық жүйемен синхрондалып, шектеулер ішінара алынған.

Еске сала кетсек, дүйсенбі күні Атырау мұнай өңдеу зауыты электр қуатының үзілуіне байланысты  апатты жағдайға байланысты тоқтады.

Сондай-ақ оқыңыз