«ҚазАвтоЖолдың» Петропавлдағы бөлімшесінің басшылығы ұсталды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

«ҚазАвтоЖолдың» акционерлік қоғамының Петропавлдағы бөлімшесінің басшылығы ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

«2023 жылғы 29 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Транспорттық прокуратурамен бірге «НК «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы Павлодарлық филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекетінің жолын кесті», делінген баспсаөз хабарламасында.

Іс қатысы бар бұл тұлғалар аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен қамауға алынған.

«Бұл факті бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда», деп хабарлайды баспасөз орталығы.

Сәуір айында Жоғары аудиторлық палата инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына және көлік инфрақұрылымын дамытудың бюджеттік инвестициялық жобаларын іске асыруға бөлінген қаражаттың тиімділігіне аудит жүргізіп, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-да және оның филиалдарында да бірталай жекелеген заң бұзушылықтарды анықтаған.

Сондай-ақ оқыңыз