Жаңалықтар

Жаппай қуғын-сүргін құрбандарынының балаларына біржолғы өтемақы беріледі

Фото: kursiv.media

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы жарияланды.

Құжатқа сәйкес, қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекітілді.

«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес ақталған жаппай саяси қуғынсүргіндер құрбандарына, жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына біржолғы ақшалай өтемақы төлеу тәртiбiн айқындайды»,
делінген құжатта.

Өтемақы алу үшін жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары туу туралы куәлік не тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасынан үзінді көшірме, прокуратура органдарынан немесе сот органдарынан Заңның 22-бабында көрсетiлген орындарда болған кезеңі көрсетілген, ата-анасының біреуінің ақталғаны туралы анықтама әкелуі тиіс.

Сонымен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда болған уақыты, сондай-ақ бас бостандығы шектеулi жағдайда мәжбүрлi еңбекке тартылған уақыты туралы анықтама қажет болады.

Мемлекет саяси қуғын-сүргін құрбандары мен олардан зардап шеккендерге 1,3 млрд теңге көлемінде қаражат бөлді.