Елімізде ресейлік инвест жобалар саны екі есе артады, 2029 жылы олардың құны 75 млрд долларға жетуі ықтимал

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: Kursiv.media

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей арасында 125-ке жуық бірлескен инвестициялық жоба бар, келесі жылға дейін бұл көрсеткішті екі есеге, яғни 250-ге жеткізу міндеті тұр, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Екатеринбургте өткен «Иннопром-2023» халықаралық көрмесінде.

«Жалпы, алдағы бес жылда бізде 75 млрд долларды құрайтын инвестициялық жобалар пулы қалыптасады, бұл 800-ден астам жоба», – деді Марат Қарабаев халықаралық көрмеде сөйлеген сөзінде.

Оның пікірінше, өңдеу өнеркәсібі, темір рудасын өңдеу, алюминий және мыс өнеркәсібі, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп және өзге де секторлардағы ауқымды жобалар жүзеге асырылмақ.
Ресейлік өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының (РЭСП) президенті Александр Шохинің айтуынша, ресейлік компаниялардың Еуразиялық нарыққа, оның ішінде Қазақстанға деген қызығушылығы артып келеді.

«Күрделі халықаралық жағдайларға қарамастан, біз ресейлік бизнестен де, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа елдерден де даму мен ынтымақтастыққа қызығушылықты көріп отырмыз. Мұны өзара сауда көрсеткіштері де растайды», – деді одақ президенті.

Оның айтуынша, бүгінде бұрынғы жабдық, шикізат жеткізушілерді ЕАЭО елдерінің компаниялары алмастыруда, соңғы бір жылда өзара сауда 15%-ға өсті.

«Біздің экономикамызды әртараптандыру, импортты алмастыру мәселелерін тек сауда арқылы ғана шеше алмайтынымыз анық, сондықтан бүгінде интеграциялық өзара іс-қимылды тереңдетудің драйверіне айналған өнеркәсіптік кооперацияны дамыту қажет», – деп қорытындылады Александр Шохин.


Сондай-ақ оқыңыз