«Самұрық-Қазынадан» өзге ұлттық компаниялар кірістің 50%-ын мемлекетке төлеуі тиіс

Жарияланды
Фото: Shutterstock

Үкіметтің тиісті Қаулы жобасы жария талқылауға шығарылды. 25 шілдеге дейін талқыға шығарылған құжат: «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы Үкімет қаулысы. Ол мынадай мазмұндағы 3-6-тармақпен толықтырылсын делінген:

«3-6. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі ұлттық басқарушы холдингтер мен ұлттық холдингтер 2023 және одан кейінгі жылдардың қорытындысы бойынша акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен еншілес ұйымның (ұйымдардың) таза кірісінің бір бөлігін еншілес ұйымдардан алынатын дивидендтердің (кірістің) 50 (елу) пайызы мөлшерінде мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер (кіріс) төлеуге жіберу үшін шаралар қабылдасын».

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз