Теңгенің дизайны өзгеріп, оған Ұлттық Банк Төрағасының қолы қойылатын болады

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Ұлттық банкнота дизайны өзгереді. Осыған байланысты «Ашық НҚА» порталында президенттің жарлығы талқыланып жатыр.

Атап айтқанда, «Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығына өзгеріс енгізіледі.

«Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін», делінген жарлықта.

Жарлықпен бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесi банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасы бойынша банкнотада оның сериялық нөмірі және дизайнының бекітілген жылы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының қолы және банкноттарды қолдан жасау үшін жауаптылық туралы жазба банкноттар дизайнының қосымша элементтері енгізілетін болады. Сонымен қатар монеталарда соғылған жылы белгіленеді.

«Банкноталарға еннгізілетін бұл жаңалықтар тұтынушы алдында шығарылған банкноттардың түпнұсқалығына кепілдік беру функциясын күшейту мақсатында енгізіліп отыр. Бұл практика бірқатар елдерде, атап айтқанда, Еуропалық одақта, сондай-ақ Англияда, АҚШ пен Сингапурда қолданылады», делінген құжатта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық валютамызға қатысты деректер, 2021 жылға дейін Қазақстан теңгесі қатарынан 3 рет үздік банкнот атанған.

Ал қолдан ең жиі жасалатын – 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар. Анықталған жалған ақшаның  42,5% және 37,6% пайызын осылар құрайды. Сонымен қатар жалған банкноттардың басым бөлігі Алматыда анықталған. 

Сондай-ақ оқыңыз