Apple Қытайда сауда жасау үшін WeChat желісінде интернет-дүкен ашады

Жарияланды

Apple Inc. өз өнімдерін Қытайда WeChat әлеуметтік желісіндегі эксклюзивті дүкен арқылы сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Интерфакс Financial Times басылымына сілтеме жасап.

Осылайша, компания «Аспан асты еліндегі» смартфондар сатылымының төмендеуі аясында бөлшек сауда арналарын әртараптандыруға көшті.

WeChat, қытайлық Tencent Нoldings Ltd. интернет-алпауытының жобасы. Желі арқылы хабарлама жіберіп, сауда жасауға да болады.

Counterpoint Research мәліметтері бойынша, 2022 жылы Apple смартфондарының әлемдік ұялы телефон саудасындағы үлесі 10%-дан асады. Былтыр iPhone 13 ең көп сатылған смртфон моделі болып танылды.

Алайда Financial Times дерегінше, әлемде жалпы смартфондар сатылымы бәсеңдеген.
Apple Inc акцияларының құны 2023 жылдың 11 шідесіндегі алдын ала сауда-саттық кезінде 0,4%-ға қымбаттады. Биылғы жылдың басынан бері олардың құны екі есеге өскен.

Сондай-ақ оқыңыз