Елдегі 27 энергия өндіруші ұйымның тарифтері шамамен 24% өсті – Энергетика министрі

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

Сәрсенбі күні өткен Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «Инвестиция орнына тариф» жаңартылған бағдарламасын іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы баяндады.

Айтуынша, қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті өсті.

«Электр энергиясын генерациялау секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті 32 млрд. теңгеден 428 млрд. теңгеге дейін көтерілді. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Министрлік берілген өтінімдерге сәйкес 47 энергия өндіруші ұйымның 27-сінің электр энергиясына шекті тарифтерін түзеді, олардың тарифтерінің орташа өсуі шамамен 24% құрайды», деді Алмасадам Сәтқалиев.

Алмасадам Сәтқалиевтің дерегінше, электр қуаты нарығында шекті тарифті айына 1 МВт үшін 1,5 млн. теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда.

«Бұл шара жұмыс істеп тұрған станцияларды жаңарту және жөндеу үшін генерация секторына жыл сайын 160 млрд.теңге көлемінде инвестиция құюға мүмкіндік береді. Болжамды тарифтік саясатты қамтамасыз ету мақсатында инфляция деңгейіне жыл сайынғы индекстеуді ескере отырып, электр энергиясына шекті тарифтерді ұзақ мерзімді кезеңге бекіту мүмкіндігі қаралады», деді Энергетика министрі.

Оның дерегінше, жылу электр орталықтарын жөндеу үшін көзделген ақшалай қаражат 93 млрд. теңгені құрайды. Ал, қазіргі электр қуаты үшін бекітілген тарифтер толыққанды жөндеу жүргізуге қажетті шығынды жаппайды екен. Жетпейтін қаржы 88 млрд. теңге. Ал, энергетика министрлігі жетпейтін қаражатты өтеу үшін жыл сайыцн 100 млрд. теңге қаржы бөлмек.

Сондай-ақ оқыңыз