Freedom Broker құнды қағаздар портфелін жыл басынан бері 85%-ға ұлғайтты

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Freedom Broker екінші тоқсанның негізгі қорытындыларын шығарады. 2023 жылғы 30 маусымдағы қорытындыға сәйкес «Фридом Финанс» АҚ активтері 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 111,4 млрд теңгеге (54,3%) ұлғайып, 316,6 млрд теңгені құрады.

Мұндай өсімге бағалы қағаздар портфелінің 110,2 млрд теңгеге немесе 85,3%-ға ұлғаюы нәтижесінде қол жеткізілген.

«Міндеттемелер 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 98,7 млрд теңгеге немесе 115,8%-ға өсті. Бұл тікелей РЕПО бойынша операциялардың 105,4 млрд теңгеге немесе 139,2%-ға ұлғаюына байланысты. Меншікті капитал 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 12,6 млрд теңгеге немесе 10,5%-ға өсті», деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Ал 2023 жылғы 30 маусымда аяқталған тоқсандағы таза табыс 2022 жылғы 30 маусымдағы көрсеткіштермен салыстырғанда 0,7 млрд теңгеге немесе 14,9%-ға төмендеген. Бұл өзгерістер пайда немесе залал құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері құнының – 2,6 млрд теңгеге немесе 1428,6%-ға таза кірістердің өсуімен байланысты.

Сонымен бірге қаржы активтерін сатып алу-сатудан түскен таза кірістердің – 0,9 млрд теңгеге немесе 54,1%-ға төмендеген. Ал операциялық шығыстар – 2,3 млрд теңгеге немесе 257,9% өскен.

«Жалпы алғанда компанияның жарғылық капиталы – 72,8 млрд теңгені құрады. Ал 2023 жылғы 1 шілдедегі шоттардың жалпы саны – 85 мыңнан асса, 2023 жылдың екінші тоқсанындағы мәмілелер саны – 261 мыңнан асты», делінген баспасөз хабарламасында.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша компания Қазақстан қор биржасында саудаланатын бағалы қағаздардың 87 атауы бойынша, 7 атауы бойынша – Astana International Exchange-де ресми маркетмейкер саналады.

«Freedom Finance Global бойынша 2024 фискалдық жылдың 1 тоқсанында компанияда 16 мыңнан астам шот ашылып, 2,9 млн-нан астам мәміле жүргізілді. 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ашық шоттардың жалпы саны – 119 мыңнан астам, бағалы қағаздармен 11,5 млн астам мәмілелер жүзеге асырылды», деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыз