Фото: kursiv.media
Маусым айында АҚШ бюджетінің тапшылығы 227,768 млрд долларды құрады, көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (88,842 млрд доллар) 2,6 есе жоғары, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан аталған елдің Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.
Осы ретте бюджет кірістері 9,2%-ға азайып, 418,317 млрд долларды құраған. Ал шығыстар 17,6%-ға өсіп, 646,085 млрд долларға жетті. 1 қазаннан бері АҚШ бюджетінің тапшылығы бір жыл бұрынғы 515,067 млрд доллармен салыстырғанда 1 трлн 392,64 млрд долларды құрады.
2023 қаржы жылының басынан бері (2022 жылдың 1 қазанынан бері) АҚШ бюджетіне түсетін түсімдердің көлемі 11%-ға азайып, 3,413 трлн долларға жуықтады. Бұл ретте шығыстар 10%-ға өсіп, 4,805 трлн долларға жетті.
Еске сала кетсек, 2022 қаржы жылының соңындағы АҚШ мемлекеттік бюджетінің теріс сальдосы 2 есе қысқарып, 1,375 трлн долларды құрады. 2020 қаржы жылының соңында елде 3,1 трлн доллар көлемінде рекордтық тапшылық тіркелді.
АҚШ бюджетінде соңғы рет 2001 қаржы жылында профицит тіркелген. Сарапшылар мұны мемлекеттік қарыздың межесін көтерумен байлынстырып отыр. Конгресс алдағы 30 жылда АҚШ бюджетінің тапшылығы 1993-2022 жылдардағы ЖІӨ-нің 3,7%-ын құрайтын орташа деңгейден әлдеқайда асып, 2033 жылы 6,4%-ға және 2053 жылы 10%-ға жетеді деп болжайды.
Еске сала кетсек, жыл басында АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 31,4 трлн доллар шегінен асып түсті. Осыдан кейін АҚШ қаржы министрлігі лимит көтерілмесе дефолт қаупі бар, деп бірнеше рет ескертті.