Jusan bank топтың активтерін Қазақстанның құзыретіне қайтару туралы шешімді құптайды

Жарияланды
Jusan Bank
Фото: Jusan Bank

Jusan bank Jusan тобына тиесілі активтердің Қазақстандық юрисдикцияға қайтарылуын құптайтынын мәлім етті. Банк осыған қатысты арнайы баспасөз хабарламасын таратты (редакцияға келді).

Онда, Jusan Bank Jusan тобы төңірегіндегі даудың конструктивті және түпкілікті түрде шешілуі қаржы институтының әрі дамуы үшін жаңа перспективалар ашады делінген.

«Банк топтың активтерін Қазақстан Республикасының құзыретіне қайтару туралы шешімді құптайды. Осыған байланысты банк негізгі басқарушылық және операциялық шешімдерді жақын арада қабылдайды, бұл жайында мүдделі тұлғалар белгіленген уақытта хабардар етіледі», делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, Jusan Bank Қазақстандағы білім беру жобаларын қаржыландыру бойынша топ бизнесінің гуманитарлық бағыты сақталатынын мәлімдеді.

Еске сала кетйік, бұған дейін «Курсив» Jusan Bank-тің құнды қағаздарына қатысты Bloomberg жариялаған ақпаратты бөліскен болатын. Оған сәйкес, Jusan Bank акцияларының 20%-ын иеленіп келген Ғалымжан Есенов енді қаржы құрылымына толықтай иелік етуі ықтимал. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, банк акцияларының қалған 80%-ы да енді Есеновтың иелігіне өтпек. Сатушы осы уақытқа дейін Назарбаев қорымен байланыстырылып келген британдық Jusan Technologies компаниясы. Басылым ақпаратына сәйкес, мәміленің шарттары таяу арада жария етілмек.

Сондай-ақ оқыңыз