54 шағын жерсеріктен тұратын Starlink интернет спутнигінің жаңа партиясы бар Falcon 9 зымыранын ұшыруға бірнеше секунд қалғанда сынақты тоқтатты.
Мұның бәрі 14 шілдедегі SpaceX-тің YouTube арнасындағы тікелей трансляция барысында көрсетілді.
Флорида штатындағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш күштері стансасынан ұшыру үшін кері санақ таң ертең басталды. Алайда рейс ұшуға 40 секунд қалғанда тоқтатылды. Бірақ компания тарапы мұның себебін түсіндірмеді.
Зымыранның қайта пайдалануға болатын бірінші сатысы 16-шы рет пайдаланылады деп жоспарланған болатын. Оның салмағы шамамен 549 тонна, диаметрі 3,7 м және Starlink жүйесінің ғаламдық Интернет қамту желісінің орбиталық шоқжұлдызын толықтыруға арналған. Миссияны аяқтағаннан кейін ол Атлант мұхитына қонуы керек еді.
Сынақ қайтадан сенбі, 15 шілде күні басталуы мүмкін.
Айта кететіні, бұл Starlink жобасы аясында 2019 жылдың мамырынан бері интернет спутниктерін 94-ші ұшыру сынағы. Ал жыл басынан бері 25-ші ұшырылымы. SpaceX қазірдің өзінде осы спутниктердің 4,7 мыңнан астамын орбитаға жеткізді. Олардың кейбіреулері сәтсіздікке ұшырады немесе орбитадан шығып кетті. Компания дерегінше, орбитада 4,4 мыңнан астам құрылғы жұмыс істеп тұр.