Жылыту маусымында апаттың алдын алу үшін «Қазцинк» Риддерде өз қазандығын іске қосады

Жарияланды
тэц
Фото: kazzinc.com; shutterstock

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Риддерді жылыту маусымына дайындау жөніндегі координациялық штаб отырысынан кейін «Қазцинк» қаладағы жылыту қазандығының жұмысын жеделдететінін мәлімдеді. Осылайша компания алдағы жылыту маусымындағы апат қатерінің алдын алмақ.

Сәтқалиевтің сөзінше, Риддер халқы алдағы қыста да жылусыз қалмауы үшін «Қазцинк» корпорациясы көмекші схема ұсынған, сол арқылы Риддерде өз қазандығын іске қосады.

«Олар станцияны жыл соңында іске қосуды жоспарлаған болатын, алайда біз қалалық желіге осы подстанциядан түсетін жылу қуатын қосу схемасын мақұлдау үшін екі ай ерте қосуды өтіндік. Сондықтан да, қалада осы жазда жылуменқамту мәселесінде қызмет сапасы мен сенімділік ұлғаюы тиіс», — деді министр.  

Жалпы, Риддердегі ЖЭО-да барлығы 6 қазандық және 4 турбина орнатылған. Биыл 6 қазандыққа жөндеу жүргізіліп жатыр.

«8 мердігер және 3 жобалық ұйым тартылды. Қазандықтарды жөндеуден басқа, бүгінгі күні отын беру, бойлерлерді күрделі жөндеу, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. График бойынша № 1, 2, 4 қазандықтарды жөндеудің аяқталу мерзімі 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін, № 3, 6 қазандықтар 2023 жылғы 15 қазанға дейін, №5 қазандық 2023 жылғы 15 қарашаға дейін», делінген хабарламада.

Станцияға мердігерлік ұйымдардың 200-ге жуық маманы жұмылдырылды.  Министрлік Үкіметпен бірлесіп жөндеу жұмыстарын жүргізуге Үкімет резервінен 8,3 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлу мәселелерін шешті.

Риддер ЖЭО-ның жаңа иесі, Алматы мәслихатының депутаты – Әміржан Нәбиевпен Нәбиев жылу электр станциясының барлық қарызын өзі жабатынын мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, Риддер ЖЭО-ның жалпы қарызы 5,5 млрд теңгені құрайды.

«Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімімен және Энергетика министрімен кездесіп, өзара келісімге келдік. Нәтижесінде Риддер ЖЭО-ның барлық қарыздарын өзіміз жабатын болып келістік. Бұл қаражат өз есебімізден төленеді және мемлекет пен қала тұтынушыларына салмақ салынбайды. Қазіргі таңда жалақы мен салық бойынша қарыздар жабылды», деп мәлімдеді Әміржан Нәбиев.

Сондай-ақ оқыңыз